Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,90 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 476,89 теңге.
Ұлттық банктің 26 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473,98 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,90 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 476,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,9 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңге, сатып алу құны – 479 теңге.
Ресей рублі 4,77 -4, 97 теңге аралығында саудаланып жатыр.