Адамға ұқсас гуманоид роботтар жасау жаңа деңгейге көтерілді. Бұл салада бірнеше компания айтарлықтай прогресс көрсетуде. Олардың роботтары бір аяғымен тұрады, қолдары мен аяқтарының орналасуын дәл анықтай алады. Би де билейді
«Қамажай» билейтін ғажап робот
1,845
оқылды

Адамға ұқсас гуманоид роботтар жасауда жаңа деңгейге көтерілді. Бұл салада бірнеше компания айтарлықтай прогресс көрсетуде. New Atlas сайтында жаңа роботтардың мүмкіндіктері туралы мақала жарияланды. Осы мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz болашақта гуманоид роботтарды қолдану аясы қаншалықты кеңейетінін талдайды.

Фото Tesla сайтынан алынды

Электрлі көліктер сегментінде көшбасшы Tesla компаниясы автономды операциялар жасауға қабілетті, өз бетінше жұмыс істейтін роботтарын жетілдіруде.

Optimus деп аталатын Tesla-ның роботы бір аяғымен тұрады, қолдары мен аяқтарының орналасуын дәл анықтай алады. Өзін-өзі түзету жүйесі роботқа жаңа тапсырмаларды «тиімдірек меңгеруге көмектеседі» деп мәлімдейді компания инженерлері.

Осындай тапсырмалардың бірі блоктарды жинап, оларды түсі бойынша әртүрлі қоқыс жәшіктеріне сұрыптау болған. Optimus-тың қолдары жақсы жұмыс істейтін сияқты. Ал тепе-теңдік сақтауы да керемет. Мына видеода Tesla роботының «Қамажай» билеуге де икемі бар екенін көрсетілген:

Пайдалы функцияларды қауіпсіз және сенімді орындайтын және жаңа тапсырмаларды тез және тиімді меңгеретін жалпы мақсаттағы гуманоидтарды нарыққа шығаратын компаниялар жаңа деңгейдің жұмыс істей бастады. Бұндай роботтардың ауқымы кеңейген сайын, олар адамдарға қарағанда арзанырақ және күрделірек, тәулік бойы бірнеше жұмысты орындауға қабілетті, тек батареяларын уақытылы қуаттандырса болғаны.