Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.
Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті
1,957
оқылды

Әсем Орынбай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

 

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті.

«Стенд атудың скит бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді», – делінген хабарламада.

Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.

Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).

Бұған дейін Қазақстан әйелдер командасы стенд атудан алтын медаль ұтып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: Тұрар Қазанғапов