Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.
28-30 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
3,114
оқылды

«Қазгидромет» РМК 28-30 қыркүйек күндеріне ауа райына болжамын ұсынды.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы әлі де сақталады.

Түнде және таңертең елдің солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.

Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 жылыға дейін, таулы аудандарда 8-13 жылыға дейін біртіндеп төмендейді.

Фото: novyefoto.ru