Сенаттың жалпы отырысында Дархан Қыдырәлі депутат ретінде ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді Д. Қыдырәлі.
Сондай-ақ отырыс барысында Дархан Қыдырәлі Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құрамына сайланды
Бұған дейін Дархан Қыдырәлінің Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.