Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.
ЖЭО-дағы апат салдарынан қарағандылықтар жарықсыз қалды
918
оқылды

Қарағанды қаласы тұрғындарының басым бөлігі жарықсыз қалды. Қазір жергілікті билік төтенше жағдайды жоюмен айналысып жатыр.

Қазір қанша абонент энергиядан ажырап қалғаны белгісіз. Себебі анықталып жатыр.

«Қорғаныс тетігінің іске қосылуынан ЖЭО-3-та технологиялық ақау туындады, салдарынан 220 кВ-тық Ашық тарату құрылғысы тоқтап қалды. Себебі мен мән-жағдай анықталып жатыр, сондай-ақ жарықсыз қалған абоненттер саны да нақтылануда»,  деді қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.