Алматыда әйелдің басын кесіп өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты.
Алматылық әйелдің басын кесіп, пакетке салып кеткен ер адам 20 жылға сотталды
797
оқылды

Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті. Сот үкімімен, сондай-ақ алқабилердің шешімімен 61 жастағы айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 12-тармағында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", – деді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Еске салсақ, осы жылдың 12 сәуір күні Алматыдағы сауда орындарының бірінен басы кесілген әйелдің денесі табылған еді. Күдікті 24 сәуірде ұсталып, қамауға алынды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, ер адам қылмысты алдын ала жоспарлаған. Бұл үшін ол тіпті алдын ала пышақ пен кесілген органдарды салу сөмкелерді дайындап барған.