Қызылорда облысының тұрғыны ауылдасының мың бума жоңышқасын өртеп жіберген.
Қызылордалық тұрғын ауылдасының мың бума жоңышқасын өртеп жіберген
799
оқылды

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қызылорда облысы ПД-ның Жалағаш аудандық полиция бөліміне Т. Жүргенов ауылының тұрғынынан арыз түскен. Арызданушының айтуынша, мал қорада тұрған мың бума жоңышқа шөбін белгісіз біреу өртеп жіберген. Қыс мезгіліне алдын ала дайындалған ауыл тұрғынына келтірілген шығын көлемі – шамамен 1 млн теңге.

Аудандық тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұл қылмысқа күдікті ретінде сол ауылдың 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.