Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді.
СҚО-да мас әке туған қызын зорлаған
1,645
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында педофилияға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. М. Жұмабаев ауданында алкогольді ішімдікке мас болған ер адам туған қызын зорлаған, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жаға ұстатар қылмыс жайында Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мәлім етті.

«Есіл өңірінде өзбекстандық азамат мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді», – деді А. Қабдулдинов.

Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары қатаң бақылауға алынған. Қылмыс жасағандар бостандыққа шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы қадағаланады.

Фото: polisia.kz