2022 жылдың 11 қаңтарында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау сала­ла­рын­дағы мәселелерді шешу үшін «Қа­зақ­стан халқына» қоғамдық әлеуметтік қо­рын құруды тапсырған болатын.
Игі жобаның шапағаты
810
оқылды

Осы­дан кейін Қазақстан халқына қоры құрылды. Қорды құрудағы мақ­сат – денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет жә­­­не спорт салаларында мемле­кет­тік қолдау шараларынан тыс қо­сым­ша қайырымдылық көмек көрсету. Елі­мізде осы қордың көмегімен бір­неше әлеуметтік нысан бой көтеріп, мұқтаж жандарға көмек берілуде. 

Батыс Қазақстан облысында ауыр дерт­ке шалдыққан 5 азаматқа 1,1 млрд тең­геден астам сомаға дәрілік заттар алын­ған. Бұл қордың ең ірі бағдарламасы – өмір­ге қауіп төндіретін және сирек кез­де­сетін аурумен ауыратын науқастар үшін дәрілік препараттарды сатып алу қа­ғидасы бойынша жасалған жұмыс. Ал екі нау­қас Ресей мен Түркия еліне жолдамамен ем алуға жіберіліпті. Олардың еміне деп қор­дан 26,8 млн теңге қаржы төленген. Бұ­дан бөлек Орал қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 66,2 млн теңгеге медициналық жабдықтар сатып алу жос­парлануда. Бұл туралы «Қазақстан хал­қына» қорының ресми өкілі Диас Бей­сен­бек мәлімдеді. 

Бұдан бөлек БҚО-да алты адамға 44,1 млн теңгеге протез алынған. Ал 241,2 млн тең­геге Ақжайық орталық аудандық ауру­ха­насы базасында 1 оңалту орталығын ашу жос­парланып отырған көрінеді. 

«Қазақстан халқына» қорының негізгі ба­ғыты – денсаулық сақтау, білім беру бағытында қолдау көрсету. 

Қордың тағы бір негізгі басым ба­ғыт­тарының біріне білім беру ұйымдарына қар­жылай қолдау көрсету жатады. 

– Қордың «Болашақ инженерлер» бағ­дар­ламасы шеңберінде биыл ауылдық ел­ді мекендерде орналасқан 12 мектепке «Қа­­зақстан халқына» қоғамдық қоры аты­нан робототехника құрылғылары алы­нып, үйірмелер ұйымдастырылуда. «QH Болашақ инженерлер моноқалаларда» бағ­дарламасы шеңберінде Ақсай қала­сы­ның №1, 3, 7, 8 мектептерін робототехника құ­­рылғыларымен қамтамасыз ету жоспар­лану­да, – дейді БҚО Білім басқармасының бас­шысы Айгүл Мыңбаева. 

Бұдан бөлек, осы жоба шеңберінде биыл Бөкей ордасындағы Мұха­мед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектепті, Жәнібек ау­да­нындағы Т.Жароков атындағы жалпы орта бі­лім беретін мектепті, Сырым ауданын­дағы Қ.Мырзалиев атындағы жалпы орта бі­лім беретін мектепті жабдықтау жос­пар­ла­нып отыр. Бұл білім беру ұйымдарында ағым­дағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бө­лін­ген. Қазір екі мектепте жөндеу жұмыстары бас­талып та кеткен. 

Қазақстан халқына қорының арқасын­да «Жаздық сауықтыру және демалыс жол­­дамасы» әлеуметтік жобасы аясында 895 бала Еуразия туристік сауықтыру ке­ше­нінде демалған. 

– Алдағы жылдары облыстың білім са­­ласына қатысты 4 жоба ұсынып отыр­мыз. Бұ­лар – ауылдық елді мекендердегі 24 мек­тептің материалдық-техникалық базасын жаңарту, мектептердің спорттық құрыл­ғы­ларын жаңарту, мектеп авто­бус­тарын са­тып алу, саз мектептерінің музы­калық ас­пап­тарын жаңарту. Қор есебінен қаражат бө­лініп, аталған жобалар жүзеге асса об­лыс­тың білім саласының дамуына елеулі үле­сін қосар еді, – дейді білім бас­қар­ма­сы­ның басшысы Айгүл Әділгерей­қызы. 

Бұдан бөлек, 2022-2023 оқу жылында ха­лықтың әлеуметтік осал топтарынан шық­қан 2 мыңнан астам студент білім беру гранттарының иегері атанған. Соның ішін­де БҚО бойынша төрт студент Жәңгір хан атын­дағы Батыс Қазақстан аграрлық-тех­ни­калық университетінде, 25 студент Ба­тыс Қазақстан инновациялық-тех­но­ло­гия­лық университетінде, 74 студент М.Өте­мі­сов атындағы Батыс Қазақстан универ­си­те­тінде, 6 студент М.Оспанов атындағы Ба­тыс Қазақстан медициналық универ­си­те­тінде оқиды. 

– Жастарды спортқа баулу, бұқаралық спорт­ты дамыту мақсатында қордың кө­ме­гімен спорт кешендері көптеп салы­на­тын болады. Бір ғана Батыс Қазақстанның өзін­де Ақсай қаласында, Ақпәтер, Да­рьинск, Бұлан, Қарауылтөбе ауылдарында бес спорт зал ашылды, – дейді «Қазақстан хал­қына» қорының ресми өкілі Диас Бей­сен­бек.

Қордың қайырымдылық жобалары мен бағ­дарламалары қоғам өмірінің маңызды са­лаларына айтарлықтай әсер етіп отыр. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыр­күйек айының басында ғана «Қа­зақ­стан халқына» қорының төрағасы Болат Жә­мішевті қабылдады. Сол кездесуде қор тө­рағасы осы күнге дейін жасалған жұ­мыс­тар туралы баяндады. 

Болат Жәмішевтің айтуынша, қор аза­маттарымыздың денсаулық сақ­тау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі мәсе­ле­лерін шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 млрд теңге болатын 40-тан астам қайы­рымдылық бағдарлама мен жобаны қар­жыландырады. Сондай-ақ төтенше жағ­дайлар кезінде зардап шеккен азамат­тар­ға көмек көрсетіледі. Қордың бағдар­ла­малары ауылдық елді мекендер мен ша­ғын қалаларға басымдық бере отырып, елі­міздің барлық өңірінде жүзеге асы­ры­лады. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы