Белгілі әнші Қуандық Рахым қырғыз еліне үндеуін жолдады. Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
Қазақтың баласын залдан қуып: Қуандық Рахым қырғыз еліне ренішін білдірді
17,233
оқылды

Өнер иесі өзінің Қырғызстандағы әріптесі Нурайым Ақылбекованың концертінде болған  жайтқа қатысты пікір білдірген. Біржан Байбол есімді қазақ жігітін бір құшақ гүлін алып сахнаға қарай бара жатқан жерінен күзетшілер әншіге жолатпай, залдан шығарып жібереді. 

«Оу, қырғыз ағайын!!! Бұл не болды сонда? Мылтықпен емес, гүлмен келді ғой. Достықтың туын жықпайық бұлай. Бір қазақтың баласын, менің бауырым, шәкіртімді залдан қуып, итермелеп шығарып жіберген ұятты тірлік болып көрінді маған! Араларында не болғанын білмеймін, бірақ гүлін алып, тыңдарманы ретінде құрметін білдірсе болар еді қарындасымыз», - деп жазды Қуандық Рахым.

Бұл жазбаға қырғыз елінің халқы да жауап беріп жатыр. "Чындыкка тике карасак уят эле болдук", "Кечириниздер бауырлар, бул бир уй булонун тайыздыгы, кыргыздын улуу салын унуткан, эсиргендер учун кечирим сурайбыз", "Залда элдин ызы-чуусу Биржан үчүн. Башка бирөөлөрдүн катачылыгы болуп калды", "Нурайым озу чыгып кечирим сурасын. Казак эли мен Кыргыз элинен!" деген.