Резервке іріктеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталды. Оған кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі және мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгерген, 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Үміткерлерге қазақ тілін білуден тестілеуден өту үшін Qazaq resmi Test (онлайн) промокодын алу 2023 жылғы 30 қыркүйек сағат 13.00-ге дейін, тестілеуді тапсыру сағат 17.00-ге дейін қолжетімді.
Іріктеу шарттары бойынша кандидаттар 30 қыркүйекке дейін барлық құжаттарды жүктеуді аяқтап, 1 қазанда өтетін іріктеудің кезеңі – «Тестілеу – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жазылуы қажет.
Тестілеуге жазылу 30 қыркүйек күні сағат 23.59-ға дейін ашық болады. Тестілеу прокторинг жүйесін қолдана отырып, онлайн режимде өтеді, сондай-ақ аудио және бейнежазбамен сүйемелденеді.
Ескертіліп өткендей, үміткерлерге жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге, өзімен бірге қабылдаушы-беруші электронды құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады.
Сондай ақ қатысушылар өз тарапынан келесілерді қамтамасыз етуі қажет:
- Chrome браузері бар компьютер/ноутбук;
- тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернет;
- жұмыс істейтін веб-камера, микрофон және жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарық болуы;
- бөгде дыбыстың/шудың болмауы.
Мәтіндік тестілеуден өту мәселелері туралы бейненұсқаулықпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: Тест 25 тапсырмадан тұрады, ұзақтығы 25 минуттан аспайды.
Нәтижелерді есептеу тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер мониторында бірден шығады. Жиналған ұпайлар жеке кабинетте «хабарламалар» бөлімінде көрсетіледі.
Үміткерлерді бағалау нәтижелері олардың жеке кабинеттерінде және pkrezerv.gov.kz сайтында орналастырылады.