30 қыркүйекте Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде екі орындық ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан ұшақ командирі мен әскери институттың курсанты қаза тапты.
Қарағанда облысында ұшақ апаты болды, екі адам қаза тапты
811
оқылды

Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, әуе апатынан қаза тапқандар – 1 097 сағат ұшу тәжірибесі бар ұшақ командирі (ұшқыш-нұсқаушы) мен Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты.

"Ұшқыш 28.11.2019 жылы берілген №000012 жарамды CPL (A) куәлігіне ие. Нұсқаушы ұшқыштың 01.07.2025 жылға дейін жарамды арнайы белгісі  "КАМА" ЗТБ-ға енгізілді", –  деді Азаматтық авиация комитеті.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF әуе ұшағының апатына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді.

Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апатты жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды және тергеу жүргізу үшін құжаттар дайындалды.

Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

2023 жылы 30 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде Қарағанды облысындағы Балапан алаңында P2002 типті Upla286 ұшағы сағат 07.46-да ұшып шыққаннан кейін байланысқа шықпаған. Іздеу барысында талқаны шыққан ұшақ пен екі адамның денесі табылды.