Батыс Қазақстан облысында қайғылы жағдай болды, – деп хабарлайды mgorod.kz.
Оралда жантүршігерлік жол апаты болды
1,220
оқылды

БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, Дерқұл ауылында Mercedes көлігін тізгіндеген 29 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. 

33 жастағы тағы бір жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, — деп түсіндірді ведомство.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы, яғни «ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.