Мәжіліс депутаттары азаматтардың дербес деректерін қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, – деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда жеке куәліктердің қағаз көшірмелерін жасауға тыйым салынады
778
оқылды

Заң жобасының 12 заңнамалық актісіне мына мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген:

 

«жеке деректердің қауіпсіздігін бұзу» түсінігінің анықтамасы;

дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау функциясын беру;

Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салуды белгілеу.

Заң жобасын қарау барысында депутат Қарақат Әбден жеке куәліктердің қағаз көшірмелерін алуға тыйым салынса, интернетке қосылу мәселесі бар өңірлер мен ауылдық елді мекендердің азаматтары не істеу керектігін сұрады.

«Интернет қосылымы болмаған жағдайлар үшін де ерекшеліктер бар. Бірақ, біздің ойымызша, жалпы алғанда, жеке куәліктердің көшірмелерін жинаудың қажеті жоқ, өйткені көшірмесіз құжаттан қажетті деректерді қайта жазуға қазірдің өзінде мүмкіндік бар», – деді Цифрлық даму министрлігі басшысының орынбасары Мәлік Олжабеков.