Өртке қарсы қызметтерден барлығы 42 адам мен 11 бірлік техника жұмылдырылған.
Атырауда автосалоннан өрт шықты
682
оқылды

Төтенше жағдай 2 қазанға қараған түні таңғы үш шамасында орын алған.

Өрт Атырау қаласындағы Әбілхайыр хан даңғылы бойында орналасқан Тойота авто салонында болған. 

«Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшесі жеткен кезде жалпы ауданы 1660 шаршы метр болатын ғимараттың төбе жабындысы жанып жатқаны анықталды.

Өрт 4 сағат 59 минутта жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда», – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте. 

Өрт кезінде автосалон ішінде тұрған жаңа 10 автокөлік және қызметтік орг техникалар ғимараттан шығарылған.  Қызыл жалынды сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерден барлығы  42 адам мен 11 бірлік техника жұмылдырылған.

Баян Жанұзақова