Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Қазан айының алғашқы 10 күнінде ауа райы қандай болады?
23,904
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері қазан айының алғашқы онкүндігіне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі. 2 қазанда облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

2-4 қазанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 2 – 4 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

2 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

2 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

2 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігіңде 2 градус үсік, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Павлодар қаласында 2 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

2 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.

2 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі. Көкшетау қаласында 2 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

1 қазанның сағат 21.00-ден 2 қазанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

2 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

2 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, батысында, тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі.

2 қазанда Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 2 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 2 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

2 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. 2 қазанда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 2 қазанда түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі.

Астана қаласында 2 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

2 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.