Қазгидромет синоптиктері 3-5 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады.
Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашын жаумайды, күн ашық.
Республика бойынша тұман түседі.
Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Фото: news.myseldon.com