Ақтауда спортшы Валерия Шальнованы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды, – деп хабарлайды Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 10-тармағы (зорлау және кісі өлтіру), 191-бабы 1-бөлігі (тонау) және 121-бабы 1-бөлігі (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша жолданған.
«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 24-бабына сәйкес істі дұрыс шешу және мән-жайды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, биыл 2 шілде күні 21 жастағы спортшы қыз Валерия Шальнованың денесі Ақтаудағы су каналының маңынан табылған еді.
8 шілдеде спортшы қыздың өліміне қатысты іс «Адам өлтіру» бабына ауыстырылды.
Фото: lada.kz