ҚР Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев бүгінгі Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Алматыдағы ақылы мектепте зорлық көрген бала туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Аталған жағдай оқиғалардың бірыңғай жүйесіне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу барысына пікір білдіріп, оның қорытындысын алдын ала кесіп айта алмаймын. Қылмыстық-процессуалдық заң тергеу барысындағы мәліметтерге пікір білдіруге тыйым салады. Сондықтан тергеудің аяқталуын күтейік. Не болғанын сол кезде түсінеміз», - деді вице-министр.
ІІМ өкілі оқиғаға қатысы бар күдікті әлі анықталмағанын айтты.
«Әзірге ондай мәлімет жоқ. Қазір қажетті шаралар жүріп жатыр. Сараптама тағайындалған. Бейнекамераларды қарап, тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ол.