Сот отырысында процестік келісім жасақтау туралы өтінішхат берілген.
Атырауда жер телімдерін заңсыз сатқандар сотталды
2,017
оқылды

Атырауда мемлекет иелігіндегі жер телімін сатқандарға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының №2 сотында алаяқтық дерегімен мемлекеттік сот орындаушы М.З.-ға, жеке тұлғалар Р.Н. мен Д.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен тергелген.

«Мемлекеттік сот орындаушы М.З. қызмет бабын пайдалана отырып, бұрын сотталған Р.Н.-мен және оның бұрынғы жұбайы Д.С.-мен бірге бірнеше рет мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін көрінеу жалған сатып алу-сату шарттарын жасасу арқылы мемлекет меншігінен шығарған. Алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен үшінші тұлғаларға заңсыз сату арқылы мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген», – деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысында процестік келісім жасақтау туралы өтінішхат берілген. Аталған өтінішхат қанағаттандырылып, прокурор мен сотталушы арасында процестік келісім жасақталған.

«Сот үкімімен М.З. кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Р.Н. кінәлі деп танылып, оған коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару функцияларын атқару құқығынан 5 жыл мерзімге, Қылмыстық кодексінің 60-бабының 1-бөлігінің негізінде үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотталғандардың жас балалары 14 жасқа толғанға дейін жазасын өтеуі кейінге қалдырылды. Д.С. кінәлі деп танылып, оған коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару функцияларын атқару құқығынан 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп мәлім етті №2 соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: zakon.kz