Қалада жылыту маусымы 5 қазаннан басталады.
Астанада қашан жылу берілетіні белгілі болды
4,074
оқылды

Астанада жылыту маусымы 5 қазаннан басталады, – деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Қалада жылыту маусымы 5 қазаннан басталады. Бұған дейін өтініш бойынша әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, ауруханалар) қосыла бастады. Жылуға 116 әлеуметтік нысан қосылған", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері Алматыда жылыту маусымы қашан басталатынын айтқаны хабарланған еді.

"Алматының жылыту маусымына дайындық қағидаларына сәйкес уәкілетті органның қаулысы бойынша ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан төмен болған кезде бес тәулік ішінде нысандарға жылу кезең-кезеңімен қосылады", – делінген еді хабарламада.

Фото: hibiny.ru