Астанада 18 жастағы қыз балконнан құлап мерт болды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлаған 2005 жылы туған елорда тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.
Полициядан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен өзге де деректері жария етуге жатпайтыны туралы ескертті.