Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Мейіржан Шермаханбет Ханчжоудағы Азиаданың финалында белдеседі. Бұл туралы Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
67 келідегі жартылай финалда қазақ балуаны ирандық Сейед Даниал Сейед Шамсоллах Сохрабиді жықты. Осылайша, Мейіржан кемі күміс жүлдеге ілігіп отыр.
Енді алтын үшін белдесуде қазақ балуаны жапониялық Кацуаки Эндомен күш сынасады.
Финал Астана уақытымен 15:00-де басталады.
27 жастағы Мейіржан 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сонымен қоса, ол 2019 және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері (күміс және алтын).
Фото: olympic.kz