Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық балуан 67 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Кацуаки Эндомен кілемге шықты.
Тартысты өткен белдесу барысында Мейіржан медициналық көмекке де жүгінді.
Ақыры 4:3 есебімен жапондық балуан жеңіске жетсе, Мейіржан Шермаханбетке күміс бұйырды.
Тағы бір қазақстандық Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде солтүстіккореялық Ри Се Унге 1:2 есебімен жол берді.
Фото: olympic.kz