Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандық теннисші бұл айналымда ресейлік 16 жастағы теннисші Мирра Андреевамен кездесті.
Елена Рыбакина қарсыласын 2:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 50 минутқа созылған матч кезінде 10 эйс пен екі қос қате жасады. Сонымен бірге бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.