Қайғылы оқиға Төртүй ауылында болған. Ер адам түнде пеш жағып, жапқышты ашуды ұмытып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Абайсыздық қайғылы оқиғаға себеп болды. Келесі күні екі ер адам да өлі күйінде табылды.
"3 қазан күні 11.30-да ПД кезекшісінен Екібастұздағы ауылды жерде жер үйде 1959 және 1986 жылы туған екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті", – деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ департаменті.
Сараптама тағайындалды.
Болжам бойынша, өлімге газдан улану себеп болған.