Бұл туралы ол журналист Самал Ибраеваға берген сұхбатында мәлім етті.
Ринат Зайытовтың сөзінше Үкімет басшысының жұмысы күні бүгінге дейін көрінбейді.
«Нақтылы жұмысын көргем жоқ. Уақытын күтіп отырған шығар, істейтін ойы жоқ шығар. Өйткені олар сайлау арқылы келетін тұлғалар емес, оларды тағайындайтын тұлғалар және ол жаққа бару үшін, мың интрига. Ол жақтың саудасын білмеймін, өз басым әзірге көзге түсетін жұмыс жасаған жоқ. Бақырайтып тұрып хат жаздым», – дейді ол.