Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында боксшы Карина Ибрагимова күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері К.Ибрагимова финалда тайбэйлік Тин Ю Линьмен қолғап түйістірді.
Соңғы бәсекеде тайбэйлік боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Карина күмісті қанағат тұтты.