Синоптиктердің болжамынша, 6 қазан күні фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Басқа өңірлерде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз күн райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облысының орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аумағында, орталығында, шығысы мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.