Ол бұған дейін «Хабар 24» телеарнасының директоры қызметін атқарған.
Эльдар Бақпаев ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды
409
оқылды

Эльдар Бақпаев ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, мемлекеттік қызметте де едәуір тәжірибе жинаған Эльдар Құсманұлы Бақпаев Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін «Хабар 24» телеарнасының директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!», – деп жазды Берік Уәли.