7 қазанда солтүстікте кей аудандарда плюс 1 градусқа дейін ауа температурасы төмендеп, аяз күтіледі.
Жауын мен бұршақ жауып, аяз күтіледі: 7-9 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
15,749
оқылды

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады.

Синоптиктердің болжамынша  Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына фронтальды учаскелер әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірнеше аймақтарында найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін. Ал республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын мен бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады.

7 қазанда солтүстікте кей аудандарда +1 градусқа дейін ауа температурасы төмендеп, аяз күтіледі. Күндіз солтүстік жартысында 10-20 градус, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады. 

Фото: matritca.kz