Жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойын өткізуге қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.
Жағымпаздық емес: Балаева Кемел Тоқаевтың мерейтойына қатысты ойын айтты
686
оқылды

Жазушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты өткізілген көкпар мен ҚазҰУ-да ашылған аудитория желідегілердің наразылығын тудырған болатын. Көбі мұны жеке басқа табынушылық деп бағалады.

Министрдің айтуынша, Кемел Тоқаевқа президенттің әкесі ретінде емес, алдымен белгілі жазушы ретінде қарау керек.

"Меніңше, кішкентай аудиторияның ашылуына қатысты осындай дау-дамайдың болғаны ұят нәрсе. Біріншіден, біз Кемел Тоқаевтың тұлғасын президенттің әкесі ретінде қабылдамауымыз керек. Ол кісі белгілі жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы, кеңес үкіметі кезінде оқырман іздеп оқитын жазушылардың бірі болды. Журналистика саласына үлкен еңбек сіңірген майдангер тұлға. Екіншіден, мұндай шаралар күнде жасалып жатқан жоқ. Ол кісінің 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Биыл Мұзафар Әлімбаев, Тахауи Ахтанов және тағы басқа жазушылардың мерейтойы аталып өтеді", – деді Балаева.

Министр көкпарға мемлекет тарапынан ақша бөлінбегенін айтты. Оны арнайы қор ұйымдастырды. Ал Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойын өткізу жағымпаздық емес.

"Менің ойымша, мерейтой бұрын да аталып өткен. Бірақ әлеуметтік желі болмағаннан кейін ақпарат аз болды. Содан көбісі білмей қалды. 90 жылдығына да кітаптары шығарылды, конференциялар өткізілген. Жағымпаздық деп санамаймын. Оның керегі де жоқ", – деп атап көрсетті Балаева.