Алматы облысы, Ақши ауылында 2 жыл бойы 10 жасар қызды қорлаған өгей әкесі болуы мүмкін. Өгей әкеден қорлық көргені жайлы қыз бірінші әжесіне жазғы демалыста айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.
Қорада да, көлікте де, үйде де: Өгей әкесі 10 жасар қызын 2 жыл бойы зорлап келген
1,264
оқылды

"Бұл - қызымның екінші некесі, бұл ер адамнан 2 баласы бар. Бірге тұрып жатқандарына 5 жыл болды. Мына қыз бірінші күйеуден. Немерем каникулда үйге келгенде "Әже маған папа тиіседі, аяқ-қолдарымды, сандарымды сипайды" деп айтты. Тиісе ма деп сұрап едім, тиісті деді. Мен мамасына бірден хабарлама жаздым. Ол мүмкін емес деп сенбеді. Барып, өзінен сұраймын деді. Ертесіне ақылы гинекологқа апардым, сол жақта өзгеріс бар деп айтты. Қыз қалай болды, не болды бәрін айтып берді. Бұл қызды 2 жыл бойы зорлап келген. Машинада болған, үйде болған, жұмысына алдап алып кеткен. Жататын жеріне апарады екен, алдына да артына да тиіскен", - дейді әжесі.

Ал  қыздың анасы кейінгі кездері күйеуінің өзіне суып кеткенін байқаған. 

"Мен жұмыс істеп жүрген кездері үнемі менімен болып жүретін. Босанғаннан кейін менімен бірге жатпайтын болды. Бөлек жатады, мен қасына жатсам сен бөлек жата берші, бала жылай береді дейтін. Мен қызбен сөйлесетін шығар деп ойлайтынмын. Себебі, телефонымды ұстама деп айтатын. Бірақ зарядкаға қойғанда телефонын көрдім. Мен оның телефонын көрген кезде порно сайттан "с дочкой" дегенін көріпті. Сосын мен қорқып кеттім, бірақ менің қызым емес шығар, жәй көрген шығар деп ойладым. Бір аптадан кейін қызым айтқанда күмән расталды. Құшақтағанын көрдім, жұмысқа, магазинге алып кеткенде түсіне бастадым. Одан басқа ешкім болуы мүмкін емес. Біздің үйге ешқандай ер адам келмейді", - дейді қыздың анасы Мадина.

Психолог маман күдікті зорлық-зомбылықты жоспарлы түрде жасағанын айтады.

"Ұзақ уақыт қызды бейімдеп, дайындап алып зорлаған. Бойын үйретіп алғаннан кейін ғана кіріскен. Қорқыту, ұру арқылы қыздың өзін кінәлі сезінуін пайдаланған.Қасақана, жоспарлы түрде жасалған зорлық-зомбылық. Медицина тілімен анық-қанығын айтпай-ақ қояйын.Бірақ, қызға зорлық-зомбылықтың барлық түрін жасаған", - дейді Маржан Жомартқызы.