ҰҚК Астананың халықаралық әуежайында декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады, - деп хабарлайды Аikyn.kz
ҰҚК Астана халықаралық әуежайында екі азаматты ұстады
1,387
оқылды

"2023 жылғы 7 қазанда Астананың халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады", - деп жазды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

Алдын ала деректер бойынша, номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 келі монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған.

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды.

Құқық бұзушылар  іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.