Air Astana әуекомпаниясы кесте бойынша ертеңге жоспарланған Тель-Авивке рейсі Бен-Гурион әуежайының қауіпсіздігі сақталған жағдайда орындалады.
Тель-Авивке кейінгі барлық рейс қосымша ескертуге дейін тоқтатылды. Air Astana сондай-ақ Тель-Авив рейстеріне билеттерді сатуды уақытша тоқтатты. Билеттерді алдын ала алған, бірақ Израильдегі жағдайға байланысты сапарларынан бас тартқысы келетін жолаушыларға әуекомпания билеттерді сатып алған жерден толық қайтаруды ұсынады.
"Әуетасымалдаушысы Израильдегі жағдайды мұқият бақылайды. Рейстердің мәртебесін мына сілтеме арқылы, ал билетті қайтару мәселесі бойынша мұнда хабарласуды сұраймыз", - делінген Air Astana хабарламасында.