Ауғанстанның батысында қуатты жер сілкінісі болды. Зілзала құрбандарының саны өсуі мүмкін, көп адам қирандылар астында жатыр, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Ауғанстанда жер сілкінді, 120-дан астам адам көз жұмды
747
оқылды

ҚазАқпарат-тың жазуынша, жергілікті билік Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында жер сілкініп, кемінде 120 адам мерт болғанын, мыңнан астам адам жарақат алғанын мәлімдеген.

Құрбан болғандар мен жарақат алғандар саны өсуі мүмкін. Өйткені көп адам әлі қирандылар астында жатыр.

Зілзаладан әсіресе Зенда Джан ауданындағы 4 ауыл қатты зардап шекті, онда ондаған үйге зақым келген.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, сенбі күні осы ауданда 6.3 магнитудалы дүмпу болған. Зілзаланың ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта жатыр.

Фото: Anadolu Agencyер