Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Жауын-шашын, көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
11,631
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 10-12 қазанға арналған алдағы үш күндік ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) жауып, жел күшейеді.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыста ауа температурасы түнде 5-7 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 5-18 градус аралығында болады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта да түнде ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді, күндіз 5-13 градус аралығында.