Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ербол Әлімқанұлы Әбдіқалықов Азов орта мектебіне шағын автобус сыйға тартты.
Ауыл мектебіне шағын автобус берілді
1,057
оқылды

Мектеп – жас ұрпақ білім нәрімен сусындап, өмірге деген дүние танымы ашылатын киелі білім ордасы. Онда оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалуы керек.

Азов ауылының тұрғындары Азов орта мектебіне көрші ауылдардағы оқушыларды тасымалдап оқыту үшін және өзге де іс-шараларға балаларды тасымалдағанға шағын автобустың қажеттігін айтып, «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жүгінген болатын.

Арада көп уақыт өтпей азовтықтардың өтініштері оң шешіліп Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ербол Әлімқанұлы Әбдіқалықов Азов орта мектебіне шағын автобус сыйға тартты.

«Мұндай көмек пен қолдау өскелең ұрпаққа ертеңгі күнге деген сенімділік береді. Білім беру мекемелеріне бірнеше рет қолдау көрсеткені үшін ауылдықтардың атынан «AMANAT» партиясына және облыстық мәслихат депутатына алғыс айтамыз», – деді Азов орта мектебінің директоры.