Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Астанада көпқабатты үйлер маңынан адам мәйіті табылды
1,841
оқылды

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі көпқабатты үйлерге жақын жерде адамның мәйіті табылғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Даладан табылған мәйіт бойынша – зорлық-зомбылық белгілері жоқ», – делінген ресми мәліметте.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды», – деді полициядан.

Сондай-ақ Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы криминогендік жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

«Полицейлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу бойынша қызмет атқаруда», – делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің артында орналасқан далалы жерде адамның мүрдесі табылғаны туралы жазылды. Қала тұрғындарының сөзінше, ол аумақ жарықтандырылмаған, сол себепті онда тұрғылықты жері жоқ адамдар мен есірткі жасырып кетушілер көп жүреді.

Фото: polisia.kz