Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты
610
оқылды

9 қазанда Жамбыл ауданының аумағында Алматы-Бішкек  автожолының 43-шақырымында 37 жастағы әйел "Хюндай" автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1987 жылғы О. есімді азаматтың басқаруындағы автобуспен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ бір автобус жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта осы ЖКО-ның барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.