Петропавл қалалық сотында үш жыл бойы өз балаларын зорлап келген ауыл тұрғынына қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Петропавлда туған екі баласын зорлап келген әкеге сот үкім шығарды
924
оқылды

Бүгін Петропавл қалалық сотында үкімі жарияланған қылмыстық іс материалдарында айтылғандай, ер адам 2020 жылдан бастап кәмелетке толмаған ұлы мен жас қызына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасаған, – деп хабарлайды Петропавл.news.

"ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 3-2-бөлігі, 3-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мас күйінде қылмыс жасау ауырлататын жағдай деп танылды. Сот жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі.

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам тағылған айыптармен келіспейді. Жарыссөз барысында ол соттан өзін ақтауды сұрады.