Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
ШҚО тұрғындары қаржы пирамидасына 350 миллион теңгеден астам ақша салған
815
оқылды

Шығысқазақстандық 234 тұрғын  Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical  қаржы пирамидасына 350 млн теңгеден астам қаражат салған, деп хабарлайды Aikyn.kz Altaynews-ке сілтеме жасай отырып.

Қазір Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша департаменті  Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical  қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Аталған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін Telegram мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания атанып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

«Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды», – делінген хабарламада.

 

Фото: Sputnik / Абзал Калиев