18 жастағы 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызбен танысып, оны пышақпен қорқытып, зорлап тастаған.
Түркістан облысында 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды 9 рет зорлаған
3,580
оқылды

Түркістан облысында 18 жастағы 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды зорлап жүрген. Бұл туралы "НеМолчи" қорының жетекшісі, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Дина Таңсәрінің сөзінше, оқиға 2022 жылы басталған. 18 жастағы 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызбен танысып, оны пышақпен қорқытып, зорлап тастаған.

"Қыз қатты қорыққандықтан, бұл оқиға жайлы ешкімге айтпаған. 18 жастағы жігіт егер біреуге айтатың болсаң, өз-өзіме қол жұмсаймын, өлер алдында хат жазып, онда сені кінәлі етемін деп қорқытқан. Осылайша, 2023 жылдың шілде айына дейін ол оны 9 рет зорлаған. Қыздың анасы білген кезде ол Сайрам ауданы полиция бөліміне хабарласқан. Алайда іс әлі созылып, тергеу жалғасып келе жатыр", – деді Дина Таңсәрі.

Massaget.kz редакциясы бұл дерекке қатысты жауапты органдарға сұрау жіберді. 

Фото: polisia.kz