Гербицидтер бүкіл әлемде ең көп қолданылатын пестицидтер класы болып табылады және ауыл шаруашылығында, үй шаруашылығында және өнеркәсіпте қолданылады. Медициналық medicalxpress.com ресурсында жасөспірімдердің миына зиянды әсері анықталған АҚШ ғалымдарының зерттеуі жарияланды. Осы ғылыми мақалаға талдау жасаған Aikyn.kz пестицидтердің жас балалардың миына әсерін түсіндіреді.
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Kosamtu
Сан-Диегодағы Калифорния университетінің Қоғамдық денсаулық және ұзақ өмір туралы ғылым мектебінің ғалымдар тобы 11-17 жастағы жасөспірімдердің ағзасына ауылшаруашылығында жиі қолданылатын глифосат және 2,4D қышқылының әсерін зерттеген.
11 қазанда Environmental Health Perspectives интернет-басылымында зерттеушілер Эквадордың Педро Монкайо ауылшаруашылық ауданында тұратын 519 жасөспірімнің мінез-құлқындаға ерекшеліктерді бағалады: зейін мен өзін-өзі бақылауы, есте сақтау және оқу, тіл, визуалды кеңістікті бағалау және әлеуметтік ортаны қабылдауы.
Көптеген дақылдарды, соның ішінде жүгері мен сояны өсіруде қолданылатын глифосат гербициді зерттеуге қатысушылардың 98%-ында, 2,4D қышқылы 66%-ында анықталған.
Ағзадағы 2,4D мөлшерінің жоғарылауы назар аудару және өзін-өзі бақылау, есте сақтау және оқу, тіл бойынша жасөспірімдердің көрсеткіштері төмендеген. Мамандардың айтуынша, соңғы екі онжылдықта бүкіл әлемде жасөспірімдердің созылмалы аурулары мен психикалық ауытқушылықтарының жиілігі өскен. Бұл гербицид және басқа да қоршаған ортадағы нейротоксикалық ластаушы заттардың әсерімен түсіндірілуде.