ҚАЖК аталған ақпаратты растады.
Астанада сотталушы кісендеулі күйінде қашып кетті
12,623
оқылды

Астана қаласындағы ЕЦ-166/10 мекемесінен қашып кеткен күдікті туралы ақпарат мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«1992 жылы туған сотталушы Байқоңыр ауданы арқылы кісендеулі күйі ЕЦ-166/10 мекемесінен қашып кетті. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сот болып, ЕЦ-166/10 мекемесінің аумағына жеткізілген кезде сотталушы қашып кетті. Қаладан шығатын жолдарға нарядтар жіберілді», – делінген хабарламада.

ҚАЖК аталған ақпаратты растады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.