Ол қызметінен өзі берген өтінішіне байланысты босатылған.
Еркебұлан Оспанов «Бүркітке» 2007 жылы Азаматтық авиация академиясын бітіре сала келген. Еңбек жолын авиациялық және радиоэлектронды құрылғылар бойынша инженер болып бастады. Бөлім басшысы, әуе компаниясының инженерлік-авиациялық қызмет цехінің басшысы қызметтерін атқарды.
2018 жылдың шілдесінен бүгінге дейін «Бүркіт» әуе компаниясының директоры лауазымында болды.