Ведомство басшысы Төле би аудандық полиция бөлімінде осы іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Полиция департаментінің бастығы ретінде зорлық-зомбылық дерегі бойынша істің барысын түсіндіргім келеді. Егер қылмыс жасалса, заң шеңберінде процестерді жүргізу, нақты шешімдер қабылдау және барлық жағдайды анықтау қажет. Заңды шешімдер кезең-кезеңімен қабылданады», - деді Қабденов.
Ресми мәліметтер бойынша, бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тіркелген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен бірнеше адамнан жауап алынды.
«Күдікті ретінде танылған адам қамауға алынды. Осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Түркістан облысы ПД басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында оқушы қыз өзін 4 жігіт өзен жағасында шешіндіріп, кезек-кезек зорлағанын айтып, полицияға шағымданған.