Былтыр венчурлық келісімдердің орташа мөлшері екі есе артқан.
Қасым-Жомарт Тоқаев венчурлық капитал нарығын дамытудың маңызы жөнінде айтты
731
оқылды

Мемлекет басшысы Digital Bridge форумының ашылуында сөйлеген сөзінде инновацияның және технологиялық прогрестің ең маңызды қозғаушы күші ретінде венчурлық капитал нарығын дамыту маңызды екенін айтты, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстан стартаптарға инвестиция салуды ынталандыру үшін институттық және заңнамалық базаны дәйекті түрде жетілдіріп келеді.

Былтыр венчурлық келісімдердің орташа мөлшері екі есе артты. Бұл – қуантарлық жайт.

Осы орайда аталған саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілер базасын АҚШ, Сингапур және Гонконг елдерінде қолданылатын үздік тәжірибемен сәйкестендіру қажет. Сонымен қатар венчурлық капитал нарығына халықаралық ойыншыларды тартудың маңызы зор», – деп нақтылады Президент.