Жаңа директорды «Атырау-Ақпарат» ұжымына Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы таныстырды.
«Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне жаңа директор тағайындалды
1,030
оқылды

Нұрболат Елеусінов «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры болып тағайындалды.

Жаңа директорды «Атырау-Ақпарат» ұжымына Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырды.

Нұрболат Елеусінов Мақсотұлы 1992  жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы бастады. 

Әр жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы болып қызмет етті. Қазірге дейін Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Баян Жанұзақова